"9 қыркүйектегі жағдай бойынша банктер құны 499,4 млрд теңгені құрайтын 40 583 өтінімді мақұлдап, 30 706 адамға 369,9 млрд теңге қарыз берді", – деп нақтылады Ерболат Досаев.
Бұдан кейін ол "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасына тоқталды.
"10 қыркүйектегі жағдай бойынша екінші деңгейлі банктер мен Агронесие корпорациясына 1,5 трлн теңгенің 3 986 өтінімі келіп түсті. 1 трлн теңгені құрайтын 3 356 жоба мақұлданып, 879,2 млрд теңге қарыз рәсімделді", – деді Ұлттық банк төрағасы.
Ерболат Досаев бизнес субъектілеріне жеңілдікпен берілетін кредит туралы да сөз қозғады.
"Зардап шеккен секторлардағы кәсіпорындарды қолдау шеңберінде 10 қыркүйектегі жағдай бойынша екінші деңгейлі банктердің 1 трлн теңгеден астам қарыз бергені белгілі болды. Оның ішінде қайтарылатын қаражат есебінен 438,8 млрд теңге берілді", – деді бас банкир.
Қанат Махамбет