Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізуге орай 3 және 4 шілдеде Астанадағы балабақшалар жабылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Елордалық білім басқармасы бұл ақпаратты растады.
"Қазақстанның Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерінің хатына байланысты елордада 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді", — деп хабарлады басқарма.
Айта кетейік, ШЫҰ саммиті Астанада 3-4 шілдеде өтеді.
Онда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды.
Форумға байқаушы елдер көшбасшылары мен диалог бойынша серіктестер де қатысады деп күтіліп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу