3 417 азамат вакцинадан бас тартты

779

Мәжілісте өткен үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде профилактикалық екпеден бас тартатын азаматтар азаймай тұрғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

3 417 азамат вакцинадан бас тартты

"Екпе алу мәселесі күні бүгінге дейін өзекті болып тұр. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін вакциналауға жатқызылғандардың арасында профилактикалық екпеден 24 976 адам бас тартты. Оның 58%-ы жеке себеппен, 23,2%-ы діни сеніміне байланысты, 12,8%-ы вакцинаға сенімсіздік танытқаннан, 6%-ы бұқаралық ақпарат құралдарындағы негативті ақпарат салдарынан екпе алмады", – деді министр. 

Алексей Цойдың сөзінше, өткен бірінші жартыжылдықта 3 417 азамат вакцинадан бас тартқан. 

"Тұрақты түрде түсіндіру жұмысын жүргізіп келеміз. Биыл вакциналауға қатысты қарсы пікірдегі 197 адам ойын өзгертіп, екпе салдырды", – деді Денсаулық сақтау министрі.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу