1 тамыз бен 2 қараша аралығында қалаға қатты отынның 190,9 мың тоннасы жеткізілді, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.
3-5 қарашада Астанаға көмірдің 75 вагоны немесе 5191 тоннасы жеткізілді. Оның 23 вагоны – "Шұбаркөл" маркалы (1582 тонна), 18 вагоны – "Майкөбе" маркалы (1244 тонна), 14 вагоны –"Қаражыра маркалы (965 тонна) және 20 вагоны – "Богатырь" маркалы (1400 тонна) көмір.
Қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, "Шұбаркөл" маркасының тоннасы – 13 600 теңге, "Қаражыра" тоннасы – 14 мың теңге, "Майкөбе" тоннасы – 12 500 теңге, "Богатырь көмір" тоннасы – 9500 теңге, "Кузнецкий" тоннасы – 12500 теңге.
1 тамыздан 2 қарашаға дейін Астанаға 190,9 мың тонна көмір келіп түсті. Күзгі-қысқы маусымда халыққа қажетті жалпы көмір тұтыну 400 мың тоннаны құрайды.
1 тамыз бен 1 қараша аралағында қалада 178,3 тонна көмір сатылды.
"Қазіргі таңда нарықтағы жағдай тұрақты, проблемалы сұрақтар жоқ. Нарықтағы ахуал Астана қалалық әкімдігімен күн сайын бақыланып, мониторинг жүргізілуде. "i-Көмек 109" базасында тұрғындар үшін "жедел желі" құрылды", - делінген басқарманың хабарламасында.