3-5 қыркүйек күндері ауа райы қандай болады

6118

Найзағай соғып, жаңбыр жауады.

3-5 қыркүйек күндері ауа райы қандай болады Фото: Pixabay.com

"Қазгидромет" РМҚ баспасөз қызметі 3-5 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай соғып, жаңбыр жауады.

Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжануда.

"Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік және шығыс аймақтарда тұман, топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болады. Сондай-ақ, күндіз температураның біртіндеп төмендеуі күтілуде: республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +8...+15 °С дейін, оңтүстігінде +20...+28 °С дейін", - деп хабарлады синоптиктер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу