3,5 миллионға жуық қазақстандық бәс тіге алмайды

214

Себебі олар Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

3,5 миллионға жуық қазақстандық бәс тіге алмайды Фото: canva.com

Борышкерлерді құмар ойынға жібергені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген адамдарды құмар ойындарға жіберуге және бәс тігуге тыйым салынады. Мерзімі өткен берешегі барлардың құмар ойындарға ақша жұмсауға моральдық құқығы жоқ. Мұндай борышкерлердің ел бойынша саны – шамамен 3,5 млн адам. Сонымен қатар бұл норма азаматтарды ставкалар арқылы қарызды жабудан қорғайды. Борышкерлерді, 21 жасқа толмаған және өзін құмар ойындардан шектегендерді ойынға жібергені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі", - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Атап айтқанда, 1 млн теңгеден 3,7 млн теңгеге дейінгі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу