3,5 мың қылмыстық іс жоғалған

928

 3,5 мың қылмыстық іс жоғалған

ҚР бас прокуратурасы бүкіл қылмыстық процесті цифрлық форматқа көшіруге дайындалып жатыр. Себебі қағаз түріндегі құжаттың жоғалып кету жағдайлары жиі кездеседі екен. Бұл туралы Бас прокуратураның фейсбуктегі парақшасында жазылды, деп хабарлайды abctv.kz.

Жыл сайын 500 мыңнан астам іс тергеледі. Барлығы қағазда. Оны жоғалтуға, жалған құжаттар жасауға, жойып жіберуге болады. Көп жағдайда ешкім білмейді. 2,5 жылда 3,5 мың іс жоғалып, дәлелдемелерді қолдан жасағаны үшін 33 қызметкер жауапқа тартылған.

Арызды тексеру үшін өңірлерден сұралатын істер жолда 2-3 апта жүреді. Тағы 20 күн оны қайтаруға кетеді. Осылайша жүздеген мың істер "қыдырып" жүреді.

Істерді е-форматқа көшіру – осы жағдайды түзетуге бағытталған алғашқы қадам.

Осыған көңіл бөлген елдерде қылмыс та аз, оның ашылуы да тез. ОЭСР елдерінің көбісінде қылмыстық іс қағаз жүзінде емес, электронды түрде жүргізіледі.

Сондықтан Құқықтық статистика комитеті "Е-қылмыстық іс" бағдарламасын әзірледі. Оған бюджеттен қосымша қаржы сұраған жоқпыз. Ол қылмысты тіркеу, сотқа дейінгі тергеу және қылмыстық жазаны орындау кезеңдерін қамтиды.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап бүкіл қылмыстық процесті цифрлық форматқа көшіруге дайынбыз. Ол қосымша қаржы талап етпейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу