3,5 мың мерзімді әскери қызметші "несиелік демалыс" мүмкіндігін пайдаланды

533

Бүгінгі таңда еліміздегі 3,5 мың мерзімді қызмет сарбаздары "несиелік демалыс" мүмкіндігін пайдаланды.   

3,5 мың мерзімді әскери қызметші "несиелік демалыс" мүмкіндігін пайдаланды Фото: Kazakhstan Today

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Мерзімді қызмет сарбаздарында тұтынушылық несиелер, микронесиелер, микрозаймдар бойынша төлемдерді 13 айға кейінге қалдыру мүмкіндігі бар. Яғни, 12 ай әскери қызмет өткеру мерзімі болса, ал 1 ай олардың жұмысқа орналасып, несиелері бойынша төлемді жалғастыра алуы үшін беріледі. Бүгінде 3,5 мың сарбаз осы мүмкіндікті пайдаланып, 5 мыңға жуық несие мен қарыздар тоқтатылып, кейінге қалдырылды", - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары.

Дархан Ахмедиевтің айтуынша, одан бөлек мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге әскери кафедраларға түсу мүмкіндігі бар.

"Мерзімді қызмет сарбаздары биылдан бастап елдегі жоғары оқу орындарына ҰБТ тапсырмай, ақылы негізде оқуға түсуге мүмкіндігі бар. Бұл мүмкіндік мерзімді қызметтен кейін 2 жыл бойы сақталады. Былтыр Қорғаныс министрі республикадағы жоғары оқу орындарының басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді. Нәтижесінде 40-тан астам ЖОО-мен мерзімді қызметтегі сарбаздарға 3 мың грант беру бойынша келісімдер жасалды. Әскери қызмет барысында үздік нәтиже көрсеткендер университеттерде тегін негізде оқи алады", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу