3,5 мың тонна мұнай өнімдерін сыртқа әкетпек болғандар ұсталды

732

Батыс Қазақстан облысында қомақты көлемде мұнай өнімдерін өзге елдерге шығармақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3,5 мың тонна мұнай өнімдерін сыртқа әкетпек болғандар ұсталды

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кәсіпорында 2022 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауытының өндірістік төлқұжаты болмағаны анықталды. Міндетті рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан ЖШС мұнай өнімдерін заңсыз өндіруді, сақтауды, өңдеуді және тасымалдауды жалғастырды. Нәтижесінде, дер кезінде жүргізілген шаралар 3,5 мың тоннадан астам мазут, теңіз отыны мен нафтаның басқа да мұнай өнімдерінің түрін ел аумағынан тыс жерлерге заңсыз шығарудың жолы кесілді", – деп жазылған хабарламада.

Аталаған факт бойынша тергеу жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу