3,5 мыңға жуық ондатр терісі тәркіленді

2201

Заңсыз жүк Жамбыл ауданындағы полиция бекетіне тоқтаған "Сетра" жолаушылар автобусының жүк салғышынан  табылды. Белгілі болғандай, автобус Түркістан облысынан Алматыға бара жатқан.

3,5 мыңға жуық ондатр терісі тәркіленді

Алматы облысында полиция бекеті арқылы аң терісінің ірі партиясын заңсыз алып өтпек  болғандар ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңсыз жүк Жамбыл ауданындағы полиция бекетіне тоқтаған "Сетра" жолаушылар автобусының жүк салғышынан  табылды. Белгілі болғандай, автобус Түркістан облысынан Алматыға бара жатқан.

"3,5 мыңға жуық ондатрдың терісі салынған бес сөмке тәркіленді. Жүргізушіде терісі бағалы ондатрды аулауға, тасымалдауға немесе сатуға рұқсат беретін құжаттар болған жоқ. Оның айтуынша, біреу тері салынған сөмкелерді Алматыдағы бір мекенжайға  жеткізуді өтінген. Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", –  деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ведомство бағалы аң терісінің бірнеше үлгісі сараптамаға жіберілгенін, оның нәтижесінде аталған факті бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданатынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу