Алматыда жұмыспен қамту басқармасының бөлім басшысы сотталды

145

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Алматыда жұмыспен қамту басқармасының бөлім басшысы сотталды Фото: canva

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы А. Өсербаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өсербаев "Suberpro-com" ЖШС өкілінің "Церебралдық сал ауруы" диагнозы қойылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге шарт жасасуға жәрдемдесемін деген желеумен 3,6 млн теңге көлемінде ақшаны жымқыруға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылды", – делінген хабарламада.

Сот Өсербаевқа мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда қызмет ету құқығынан өмір бойына айыра отырып, 27 млн теңге көлемінде айыппұл салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу