3,6 мың шақырым жол жөнделеді: Қысқа дайындық қалай жүріп жатыр?

166

Дархан Иманашевтің айтуынша, елдегі автожолдар тастүйін дайын. 

3,6 мың шақырым жол жөнделеді: Қысқа дайындық қалай жүріп жатыр? Фото: ҚазАвтоЖол

Қысқы маусымдық жұмыстарға 17,5 млрд теңге бөлінді. Бұл республикалық маңызы бар тасжолдарды ақ қар, көк мұздан тазалап, күтіп ұстауға жұмсалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұл жайлы "ҚазАвтоЖол" компаниясының басқарма төрағасы мәлімдеді.

Биыл 3,6 мың шақырым күрежол жөнделіп, жаңғыртылып жатыр. Бұған қоса қыс маусымына қажетті құрал-жабдықтар мен заттар жасақталып, техникалар тартылған.

Президент тапсырмасына сәйкес 5 мыңнан астам шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарына жұмылдырылды. Биыл 1014 шақырым тапсырамыз. Ал қалғанын 2026 жылдың аяғына дейіп тапсыру жоспарымызда бар. Қаражат толық бөлінді. Мердігерлер тағайындалды, тек қана науқанды жұмыс жасау керек, – дейді "ҚазАвтоЖол" ҰК" басқарма төрағасы Дархан Иманашев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу