3,9 миллиард теңге: Елімізде 18 мыңға жуық жұмысшы жалақысын ала алмай жүр

202

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.

3,9 миллиард теңге: Елімізде 18 мыңға жуық жұмысшы жалақысын ала алмай жүр Фото: moneypanda

Қазақстандағы 264 кәсіпорын 17,8 мың жұмысшыға 3,9 миллиард теңге көлемінде жалақы қарыз, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қатаң кесте мен еңбекақы бойынша берешекті өтеу мерзімін белгілеуді қоса алғанда, қабылданған шаралардың нәтижесінде 16,5 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 3,1 миллиард теңге төленді", – деп жазылған хабарламада.

Жыл басынан бері инспекторлар 4 552 тексеру жүргізіп, оның барысында еңбек заңнамасын бұзудың 7 146 фактісі анықталды. Оның ішінде:

еңбек саласында – 5 310;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында – 1 769;

халықты жұмыспен қамту саласында – 67.

Жұмыс берушілерге 338,9 миллион теңге айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу