3 959 алматылық қытайдың Sinopharm вакцинасын салдырды

668

Шаһарда екпе салуға 315 вакцинация бригадасына 1 282 медицина қызметкері жұмылдырылды.

3 959 алматылық қытайдың Sinopharm вакцинасын салдырды

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 3 269 адам вакцинация салдырды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"1 ақпаннан 17 мамыр аралығында қала бойынша барлығы 273 947 адам екпе алды. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 30 491 адамды құрайды. Қазақстандық QazVac препараты 2 991 адамға егілді. Қытайлық Sinopharm вакцинасының бірінші компонентін 3 959 адам алды", - деп жазылған хабарламада.

Енді қазақстандықтарда коронавирусқа қарсы үш түрлі вакцинаның біреуін таңдай алады. 

"Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 214 вакцинация пункті жұмыс істейді. 315 вакцинация бригадасында 1 282 медицина қызметкерлері жұмылдырылды", - деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу