Банк жеке деректеріңізді Кірістер комитетіне беруге міндетті. Қаржы министрлігі осындай заң жобасын қоғам талқысына шығарды. Құжат 2 наурызға дейін ел назарына ұсынылады. Жобаның басты мақсаты – жеке тұлғаларды кәсіпкерлерден ажырату. Сол арқылы салықтан жалтарған азаматтарды анықтау. Енді әр тұрғынның мобильді аударымы жіті қадағаланады. Ал деректермен бөлісу жалпыға бірдей декларация тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Былтыр бар дүние-мүлкін жария қылатындардың тізімін мемлекеттік қызметкерлер бастаған. Келер жылы бұл қатарға, кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар енгізілмек. Қалған азаматтар 2025 жылы ғана декларациядан өтуге міндеттеледі. Сәйкесінше, 3 жылдан кейін барлық санаттағы жеке тұлғалардың мобильді аударымдарының есебін банк салық мекемесіне жіберуге мүмкіндік алады.