3 ақпаннан бастап ҚазМұнайГаз акциялары KASE тізіміне енеді

723

Қазақстан қор биржасы Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2023 жылдың 10 қаңтарындағы "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес 2023 жылдың 03 ақпанынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілеттік тізімі анықталғаны туралы хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz Биржаның ресми сайтына сілтеме жасап.  

3 ақпаннан бастап ҚазМұнайГаз акциялары KASE тізіміне енеді Фото: tilshi.kz

“Аталған шешімге сәйкес, қазірдің өзінде тізімдегі акциялардан басқа 2023 жылдың 03 ақпанынан бастап оған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы"АҚ KZ1C00001122 (KMGZ) жай акциялары кіретін болады”, - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, акцияларды тізімге енгізу туралы шешім осы акцияларды ықтимал өтімді деп санауға мүмкіндік беретін объективті фактілерге байланысты комитет мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданды. Мұндай факторларға сауда-саттықтың ағымдағы көлемі, сауда-саттыққа тартылған дербес шоттардың саны, сондай-ақ осы бағалы қағаздарға жазылу нәтижелері жатады.

Осылайша, тізім 2023 жылдың 03 ақпанынан бастап келесі акциялардан тұратын болады:

------------------------------------------------------------------------

      Код                                          ---- --------- ------

# р/с акциялар     ISIN     Эмитент                Fi*     Ri*    Үлесі*

----- -------- ------------ ---------------------- ---- --------- ------

  1   CCBN     KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ  40,4 1,0000000    7,3

  2   HSBK     KZ000A0LE0S4 "Қазақстан Халық жинақ 30,5 0,2348330   15,0

                            банкі" АҚ                                  

  3   KCEL     KZ1C00000876 "Кселл" АҚ             34,1 0,8456748   15,0

  4   KEGC     KZ1C00000959 "KEGOC" АҚ             10,0 1,0000000    6,4

  5   KMGZ     KZ1C00001122 "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ    3,0 0,5896013   15,0

  6   KSPI     KZ1C00001536 "Kaspi.kz" АҚ          23,7 0,0665349   15,0

  7   KZAP     KZ1C00001619 "Қазатомөнеркәсіп"     25,0 0,1133310   15,0

                            ҰАК" АҚ                                    

  8   KZTK     KZ0009093241 "Қазақтелеком" АҚ      16,3 1,0000000    7,2

  9   KZTO     KZ1C00000744 "ҚазТрансОйл" АҚ       10,0 1,0000000    4,2

------------------------------------------------------------------------

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу