"Азық-түлік келісім шарт корпорациясына" бидай сатқан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ақшасы төленді. Бұл туралы корпорацияның баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазіргі уақытта екінші деңгейлік банктердің қаржылық тұрақсыздығына байланысты аталған ұйымда кейбір аграршыларды – бағдарлама қатысушыларын қаржыландыруда проблемалар туындады. Атап айтқанда корпорацияға бидай сатқан 3 АШТӨ сатылым үшін шамамен 90 млн теңге сомасындағы ақысын алған жоқ. Осыған байланысты корпорация "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ шотына тиісті қаражатты жолдады" - делінген хабарламада.
Енді "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ келешекте қаржылық тұрақсыздығы жоқ басқа банктермен жұмыс істемек.
Айта кетсек, "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден (АШТӨ) астықты тікелей сатып алуды жалғастыруда. Осы бағдарламаны іске асыруды бастағаннан бері компания шамамен 261 мың тонна бидайды 11 млрд теңге сомасына сатып алды.