Қазақ күресінен Азия чемпионы, әлем чемпионы және 3 дүркін "Қазақстан барысы" атанған Бейбіт Ыстыбаев үлкен спортпен қош айтысты, деп хабарлайды 24.kz.
Бұдан былай жамбылдық палуан өз ізбасарларын дайындаумен айналыспақ. Қазір Бейбіт Ыстыбаев өңірдегі жекпе-жек спорт клубының директоры қызметіне тағайындалды. Бұған қоса ұлттық күресімізді халықаралық деңгейде танытып, одан әрі дамытуға да қолдан келгенше өз үлесін қоспақ.
Мәселен, осыдан бірер күн бұрын Астанада өткен әлем чемпионатында ол ұйымдастыру комитетінің өкілі атанып, төреліктің әділ өтуіне жауапты болды.
"Мен спорттан кетіп, қазір жұмысқа бардым. Жоспар - палуандар шығару, мықты-мықты, қазақтың көк байрағын желбірететін. Ол әрбір қазақ азаматының қолынан келеді. Бірақ ояту керек соны. Құдай қаласа, жұмыс істейміз. Көп сөйлемей, аз сөйлейтін адамбыз. Сондықтан нәтижесі болады деп ойлаймын", - деді Бейбіт Ыстыбаев.