3 градус аяз күтіледі: Бүгінгі ауа рай болжамы қандай

238

Найзағай ойнап жаңбыр жауады.

3 градус аяз күтіледі: Бүгінгі ауа рай болжамы қандай Фото: inbusiness.kz

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болып, қар аралас жаңбыр жауады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Елдің солтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Тек республиканың батысында, шығысында күн жауын-шашынсыз болады.

ҚР бойынша жел күшейеді, елдің батысында, шығысында тұман, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде бұршақ жауады.

Түнде, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Атырау облысының батысында 3 градус аяз күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу