3 индустриялды аймақ құрылады

1240

 3 индустриялды аймақ құрылады

 

2030 жылға қарай Астана агломерациясының аумағында 3 индустриялды аймақ құрылады. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, 2030 жылға қарай агломерация аумағында 3 индустриялық аймақ құру арқылы Астана қаласынан ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды шығару ұсынылып отыр. Сондай-ақ жаңадан құрылатын өндірістік кәсіпорындарды индустриялық аймақтарға орналастыру жоспарлануда.

Жобада бірінші индустриялық аймақты Аршалы ауылына (Аршалы ауданы) орналыстыру ұсынылып отыр. Астана-Теміртау-Қарағанды бағытындағы ось бойынша ұтымды экономикалық және географиялық жағдай бар. Екінші индустриялық аймақ жылдамдығы жоғары халықаралық магистраль мен темір жол бойындағы Төнкеріс (Шортанды ауданы) ауылында орналасады.

Үшінші индустриялық аймақты Жайнақ (Целиноград ауданы) ауылына орналастыру жоспарланып отыр. Бұл елдімекендер инфрақұрылыммен және шағын электр станцияларымен қамтамасыз етілгендіктен таңдалып отыр. Бүгінгі таңда алаңы 100 гектар болатын өндірістік жер учаскесі бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу