3 қалада қысқа мерзімде жұқпалы аурулар ауруханасы салынады

2077

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында аурухана құрылысы шұғыл жүргізіледі.

3 қалада қысқа мерзімде жұқпалы аурулар ауруханасы салынады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы әкімдерге ауруханаішілік жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында инфекциялық, провизорлық және карантиндік нысандардағы санитарлық талаптардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Отырыста Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тез тұрғызылатын құрылымдардан үш жұқпалы аурулар ауруханаларын салу туралы шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу