Арнайы операция 15-16 наурызда Алматы, Қызылорда және Байқоңыр қалаларында өткізілді, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК аса қатыгездікпен ерекшеленетін кезекті ұйымдасқан қылмыстық топты жедел зерделеуге алды. Оның қатысушыларының ауыр жалпы қылмыстарға (кісі ұрлау, бопсалау, ұрлық, кісі өлтіруге оқталу) қатысуы құжатталды.
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ресейдің ФҚҚ, сондай-ақ ІІМ және прокуратура қызметкерлері қатарынан мемлекетаралық жедел-тергеу тобы Алматы, Қызылорда және Байқоңыр қалаларында қылмыстық әрекеттің 13 жетекшісі мен белсенді қатысушыларын ұстау бойынша біржолғы арнайы операция жүргізді. Ұсталғандардың өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде", - делінген хабарламада.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері комитет пен ІІМ Ресейдің ФҚҚ-мен бірлесіп, Байқоңыр қаласы мен Қызылорда облысындағы криминогендік жағдайды сауықтыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырып келеді.
Бұған дейін хабарланғандай, қаңтарда екі елдің арнайы және құқық қорғау органдары Қазақстан мен Ресей азаматтары қатысқан қоғамдық қауіпті қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.