3 қазандағы саудада доллар арзандады

576

Бүгінгі доллар бағамы - 478,35 теңге.

3 қазандағы саудада доллар арзандады Фото: inbusiness.kz

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күнделікті сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,90 теңгеге төмендеп, 477,25 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 3 қазандағы ресми бағамы - 478,35 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 476,15 теңгеге, сату 478,83 теңгеге тең болды. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 474,94 теңгеден сатып алынып, 480,00 теңгеден сатылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу