3 күнде 1874 қылмыс ашылып, 74 адам қолға түсті

642

3 күнде 1874 қылмыс ашылып, 74 адам қолға түсті

Елімізде 10 сәуірден бастап "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, шара көшелер мен өзге де қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алуға, ескертуге және жолын кесуге бағытталған.

"Үш күнде 39 мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 1874 қылмыс ашылды, іздеуде жүрген 74 адам ұсталды, полиция есебінде тұрған 49 мыңнан аса адам тексерілді. Мұндай алдын алу іс-шарасы жүйелі түрде өткізіліп тұрады және қылмыс санының төмендеуіне ықпал етеді. Азаматтарды құқық бұзушылық болған жағдайда тез арада полицияға хабар беруге шақырамыз", – дейді Алмас Садубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу