3 күнде Астанаға 114 вагон көмір жеткізілген

996

Елордада көмірдің жалпы қоры 11 107,3 тоннаны құрайды.

3 күнде Астанаға 114 вагон көмір жеткізілген

5 қазаннан 8 қазанға дейін Астанаға 114 вагон немесе 7882 тонна көмір жеткізілген. 8 қазандағы жағдайы бойынша "көмір сатылатын жерде" көмірдің жалпы қоры 11 107,3 тоннаны құрайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Оның ішінде 50 вагон немесе 3463 тонна "Шұбаркөл" маркасының көмірі, 44 вагон немесе 3027 тонна Майкөбе, 19 вагон немесе 1322 тонна Қаражыра, сондай-ақ 1 вагон немесе 70 тонна Богатырь маркасының көмірі.

Бұрын хабарлағанымыздай, Астана қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы көмір сатушылармен бағаның өсуіне жол бермеу туралы меморандумдарға қол қойған болатын.

Көмір түрлері мынадай бағада сатылуда: Шұбаркөл - тоннасына 13 500-14 500 теңге, Қаражыра - тоннасына 14 000 теңге, Майкөбе - тоннасына 12 000-12 500 теңге, Богатырь көмірі - тоннасына 8500-9500 теңге, Кузнецкий – тоннасына 12 000-12 500 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу