3 күндік визасыз режимге салынған шектеу ұзартылуы мүмкін

1210

Үкімет қаулы жобасын көпшіліктің талқылауына жіберді.

3 күндік визасыз режимге салынған шектеу ұзартылуы мүмкін

Қазақстан Үкіметі шетелдік азаматтарға берілетін 72 сағаттық визасыз режимге салынған шектеуді 1 қарашаға дейін созуды жоспарлап отыр. 

"Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №29, 388-құжат) бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 қарашаға дейін тоқтатылсын", – деп жазылған Электродық үкімет порталындағы құжат жобасында.

Құжат қоғам талқылауында 29 сәуірге дейін болады.

Еске салсақ, бұған дейін Қытай мен Үндістан азаматтарына беріліп келген 72 сағаттық визасыз режим 1 шілдеге дейін тоқтатылған болатын. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу