3 күннен аса дене қалтыраса жедел жәрдем шақыру керек

1364

Covid-19 бірінші кезекте өкпені зақымдайтын инфекция.  

3 күннен аса дене қалтыраса жедел жәрдем шақыру керек

Орталық коммуникациялыр қызметінде Нұр-Сұлтанда орналасқан "Көпсалалы медициналық орталығы" ШЖҚ МКК басшысы Татьяна Цечоева қандай жағдайда мамандар көмегіне жүгіну керек екенін айтты. 

"Қандай белгілер пайда болғанда дабыл қағып, жедел жәрдем шақыру керек? Егер дене қызуын түсіретін дәрі ішкеніне қарамастан қалтырау 3 күннен бері тоқтамаса онда, әрине, жедел жәрдем шақыру керек. Көкірек тұсы ауырса, шамадан тыс ентігу пайда болса, түсініксіз құрғақ жөтел пайда болса да мамандар көмегіне жүгіну керек. Бұл өкпеде тромбылар пайда болғанының көрінісі болуы мүмкін. Ал бұл өте қауіпті. Сонымен қатар мұның барлығы пневмонияның белгілері", – деді Татьяна Цечоева. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу