3 қыркүйектегі саудада доллар көтерілді

199

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 3 қыркүйекте сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды. 

3 қыркүйектегі саудада доллар көтерілді Фото: liter.kz

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,19 теңгеге көтеріліп, 482,74 теңге болды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Керісінше, Қытай юанінің бағамы 0,27 тармаққа төмендеп, 67,70 теңгені құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 483,7-485,5 теңгеге, еуро 532,5-536,5 теңгеге, ресей рублі 5,27-5,39 теңгеге сатылуда.

Ал 3 қыркүйектегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Brent маркалы мұнай фьючерстері 17 центке немесе 0,2%-ға төмендеп, барреліне 77,35 долларды құрады.

Батыс Техас мұнайының фьючерстері 50 центке немесе 0,7%-ға өсіп, барреліне 74,05 долларды құрады.

3 қыркүйек күні таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 482,53 теңге, еуроны 533,77 теңге, рубльді 5,41 теңге деп белгіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу