- Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында 15-20 м/с күтіледі. 03 мамырда облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
- Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 03 мамырда облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
- Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі. 03 мамырда облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
- Маңғыстау облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.
- Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
- Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.
- Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
- Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
- Атырау облысының солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 03 мамырда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
- Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, онтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 3 градус үсік күтіледі.
- Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі.
- Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу