3 минутта құрылыс материалын шығаратын зауыт іске қосылды

1232

Зауыттың қуаттылығы 8 сағатта 2000 шаршы метр кеспе тас, 4000 шаршы метр бордюр шығарады.

3 минутта құрылыс материалын шығаратын зауыт іске қосылды

Бетон өнімдері Германиядан әкелінген құрал-жабдықта өндіріледі. Кәсіпорында барлығы автоматтандырылған. Техника бір жерден басқарылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандардың айтуынша, құрылыс материалын дайындауға бар болғаны 3 минут жұмсалады. Зауытта 30-ға жуық жұмысшы қызмет етеді. Оларды Германиядан келген білікті мамандар келіп екі ай оқытқан.

"Бетон арнайы тасымалдау құрылғысымен қорапқа құйылады. Мына жерде пішін алып, кейін арнайы қоймаға кептірілуге жіберіледі. Ол жерде 12 сағат сақталады, қоймада 5 мың дана кеспе тасты сақтауға болады", – дейді зауыт операторы Илья Лесников.

Жалпы жобаға 2,5 миллиард теңге қаржы құйылып, қосымша 30 жұмыс орны құрылған. Өнімдер жол құрылысы, қала көшелерін және ауланы абаттандыруға пайдаланылады. Зауыттың қуаттылығы 8 сағатта 2000 шаршы метр кеспе тас, 4000 шаршы метр бордюр шығарады.

"Бұл республика бойынша түстерді араластыру техникасын жасайтын жалғыз зауыт деп айта аламын. Өнімдерді тек Алматыда ғана емес, өзге өңірлерге де тасымалдауды көздеп отырмыз. Зауытта шығарған материалдарға кемінде 5 жыл кепілдік береміз", – деді компания директоры Юнус Гагиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу