3 млн қазақстандық Facebook қолданушының деректері желіге тарады

1098

Хакерлік форумдардың бірінде 106 елдің 533 млн желі қолданушысы туралы деректер базасын жарияланды.  

3 млн қазақстандық Facebook қолданушының деректері желіге тарады

Facebook желісінің 3 млн-нан аса қазақстандық қолданушысына қатысты деректер желіге тарап кетті. Мұны KZ-CERT "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ Компьютерлік инциденттерге ықпал ету қызметі анықтаған, деп хабарлады inbusiness.kz

"Хакерлік форум қолданушыларының бірі Facebook әлеуметтік желісінің 106 елінен 533 миллионнан астам қолданушы туралы мәліметтер базасын жариялады. Деректерді зерттей келе, Қазақстандағы 3 214 990 қолданушының аты-жөні мен тегі, телефон нөмірі, тұратын елі мен қаласы, жұмыс орны және оқуы туралы мәліметтер желіге тарап кеткені анықталды",– деп жазылған компания таратқан хабарламада. 

Бұл ретте "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ қаскүнемдер жеке мәліметтерді пайдалана отырып желі қолданушыларын бопсалауы, банк карточкасынан ақша шешіп алуы және өзге де әрекеттерге баруы мүмкін деген болжам жасады. Сондықтан олар қазақстандықтарды әртүрлі көздерден хабарламалар мен қоңыраулар алу кезінде сақ болуға шақырды. 

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасында жеке деректерді жинау және тарату "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заң аясында жүзеге асырылады. Аталған құқықтық норма шетелдік сайттарға қолданылмайды, сондықтан жеке деректеріңізді сақтау үшін отандық әлеуметтік желілерді қолдану, күрделі кілтсөз орнату, көп сатылы аутентификация қолдану ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу