Еліміздің мамандандырылған ауданаралық әскери сотында 3 млрд теңгедей қаражатты жымқырды деген айып тағылған қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Айыпталушылар – қарулы күштердің қызметшілерін пәтерге орналастыру бас басқармасы, қорғаныс министрлігінің бюджеттік жоспарлау және қаржы департаменті, сондай-ақ жеке кәсіпкер 2013 жылдың наурызынан бастап 2014 жылдың наурызы аралығында ұйымдасқан қылмыстық топ құрған, делінеді жұма күні таратылған ақпаратта.
"Аталмыш ҰҚТ мүшелері аудандық пайдалану бөлімшелерінің жекелеген басшыларымен бірге жоғарыда аталған кәсіпкер басқаратын фирма арқылы еліміздің қорғаныс министрлігінің қажеттілігі үшін тауар-материалдық бағалы заттар сатып алу мақсатында қосымша қаржыландыру ретінде бөлінген сомасы 2 млрд 940 млн теңгеден асатын ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырған", – делінеді соттың ақпаратта.
Аталмыш іс бойынша қылмыстық іс 168 томнан тұрады. Бас сот талқысы барысында 100-ден астам куәгерден жауап алынды. Істі қарау аяқталып қалды, деді сот қызметкерлері.