3 млрд теңгеден аса залал келтірген ХҚКО қызметкері қамауға алынды

586

Аталған азаматқа қатысты сотпен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

3 млрд теңгеден аса залал келтірген ХҚКО қызметкері қамауға алынды Фото: ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Қаржылық мониторинг агенттігі "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ бірлесіп ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпаратты енгізу арқылы жүк көліктерін заңсыз тіркеу мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында 2022 жылдың наурыз айы мен қыркүйек айларының аралығында Қонаев қаласы мамандандырылған ХҚКО қызметкері 413 жүк көлігінің бастапқы тіркеуін жүргізу барысында көлік құралдарының санатына қатысты ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізген.

Нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 3 млрд 156 млн теңге көлемінде көлік құралдарын бастапқы тіркеу алымы түспеген.   

Аталған азаматқа қатысты сотпен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ, Агенттік экономикалық құқықбұзушылықтар жайлы "АФМ Insider" телеграмм боты арқылы хабарлау мүмкіндігі барын еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу