3 мың грант игерілмей қалды

2150

Енді бос білім гранттары қайта бөлінетін болады.

3 мың грант игерілмей қалды

2019-2020 оқу жылына арналған білім гранттарын тағайындау бойынша Республикалық конкурстың нәтижесі бойынша 3000 грант игерілмей қалды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

"ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін білім гранттарын тағайындау ережесіне сәйкес (ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысы) білім беру бағдарламаларының топтары бойынша қайта бөлінеді",– делінген хабарламада.

Тестілеу орталығы бұл гранттардың конкурстық негізде тізім бойынша балы жоғары үміткерлерге берілетінін мәлімдеді.

Грантқа ие болғандарға ЖОО-ның қабылдау комиссиялары хабарлайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу