Atameken Business телеарнасының эфирінде Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Айнара Рахметова аталған жайтқа түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бұл – жалған ақпарат. Біз аталған азаматты банкрот деп таныған кезде оның қарызы 1 млн 473,3 мың теңге болған. 2020 жылдың 3 наурызынан бастап азаматтарды банкрот деп тану туралы 80 953 өтініш келіп түсті, оның 79%-ы критерийге сәйкес келмейтіні туралы хабарлама жібердік", – деп түсіндірді Айнара Рахметова эфир барысында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу