3 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

576

Елде 3 мыңға жуық адам COVID-19 жұқтырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

3 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 2 901 дерегі тіркелген. Осылайша, COVID-19 жұқтырғандар саны 857 643-ке жетті.

4 672 адам коронавирустан айықты. Елімізде барлығы 784 541 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

18 қыркүйектегі мәлімет бойынша 70 984 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 13 087 пациент стационарда, 57 897 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 041 адамның жағдайы ауыр, 276 пациенттің жағдайы өте ауыр, 189 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ COVID-19 бен пневмониядан 74 адам қайтыс болды. 

Сонымен қатар Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 259 649 адам, екінші компонентін 6 108 540 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу