3 мыңға жуық атыс қаруын сақтау ережесін бұзу фактісі анықталды

1115

"Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды.

3 мыңға жуық атыс қаруын сақтау ережесін бұзу фактісі анықталды

Ішкі істер министрінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Оның айтуынша, қыркүйектен желтоқсанға дейін жүргізілген "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы құқық бұзушылықтың алдын алуды мақсат тұтты. 

"Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы барысында учаскелік полиция инспекторлары ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтар мен шетелдіктерді тексеру үшін аулалар ммен пәтерлерді аралады. Полиция қызметкерлері 5 млн-ға жуық пәтер мен жеке үйлерді, 300 мыңнан астам саяжайды, 60 мыңға жуық шаруа қожалығы мен қыстақтарды тексерді", – деді ресми өкіл. 

Нұрділдә Ораздың сөзінше, полиция қызметкерлері жалға берілетін 100 мыңға жуық пәтерге барды. Тексеру барысында Мемлекеттік кірістер органдарында тіркелмеген тұрғын үйді жалға берудің 12 мыңға жуық фактісі анықталды.

"Тұрғылықты жері бойынша 200 мыңнан астам азаматтық қару иесі тексерілді. 3 мыңға жуық атыс қаруын сақтау ережесін бұзу фактісі анықталды. Тіркелмеген 428 атыс қаруы тәркіленді. Операция басталғаннан бері полиция қызметкерлері 500 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың, оның ішінде 8 мыңнан астам ұсақ бұзақылықтың жолын кесті. Бұған қоса отбасылық-тұрмыстық саладағы 11 мыңнан астам құқық бұзушылықтың және көші-қон заңнамасына қатысты 82 мыңнан астам заң бұзушылықтың алдын алды", – деді Ішкі істер министрінің ресми өкілі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу