3 мыңнан аса отбасыға тұрғын үйді жалға алудың жарты сомасы төленеді

654

Биыл жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы бойынша 3044 отбасының өтініші мақұлданды. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

3 мыңнан аса отбасыға тұрғын үйді жалға алудың жарты сомасы төленеді

Басқарма төрайымы бұл бағдарламаға өтініш қабылданып жатқанын атап өтті.

"Бүгінде аралық нәтижелерді айтуға болады. Бағдарлама басталғаннан бері жалпы 13 758 өтініш түсті. Оның 6392-і ЖСН нөмірі бойынша... Қазіргі таңда 3044 өтініш мақұлданды. Бұл адамдар бастапқы және қайталама нарықта өздеріне баспана іздей алады. 3044 отбасы 1-2 аптадан кейін жалдау шарттарын жасауды бастайды. Біз олардың атына жалға берілетін үйдің төлем сомасының 50% аударамыз", - деді Ляззат Ибрагимова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ол жалға берілетін пәтерлер көпбалалы отбасылар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған отбасыларға берілетінін атап өтті.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу