3 мыңнан астам әйел дағдарыс орталығына жіберілді

1100

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін пайдалану қажет. 

3 мыңнан астам әйел дағдарыс орталығына жіберілді

Бұл туралы ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Үкіметтік емес ұйымдар тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына баспана береді, құқықтық, медициналық, әлеуметтік, сондай-ақ психологиялық көмек көрсетеді. Бүгінгі таңда 49 дағдарыс орталығы полициямен өзара әрекеттеседі, олардың 39-да жәбірленушілерді уақытша тұратын баспанамен қамту мүмкіндігі бар", – деді әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

Алексей Милюктің мәлімдеуінше, үкіметтік емес ұйымдардың  қызметін пайдалануға тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары өз беттерінше немесе полиция қызметкерлерінің көмегімен жүгіне алады.

"Биыл полиция қызметкерлері өмірдің қиын жағдайына тап болған 3 мыңнан астам әйелді дағдарыс орталығына жіберді. Байланыс дерегі көрсетілген орталықтардың тізімі министрліктің және аумақтық полиция департаменттерінің ведомстволық ақпараттық ресурстарында орналастырылған", – деді ішкі істер министрлігінің өкілі. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу