3 мыңнан астам қазақстандық ағза алмастыру кезегінде тұр

2399

Бүйрек ауыстыруға өтініш білдіргендердің 73-і – бала. 

3 мыңнан астам қазақстандық ағза алмастыру кезегінде тұр

Елімізде 3 мың 128 адам ағза трансплантациясы бойынша кезекте тұр. Бұл –  Денсаулық сақтау министрлігінің ресми ақпараты.

Transplant.kz сайтында көрсетілгендей, бүйрек ауыстыруға 2470 азамат өтініш білдірсе, оның 73-і – бала. Бауырдың транплантациясына кезекке тұрғандар саны – 303 азамат. Өкпесін ауыстыруды күтіп жүргендер – 115 адам. Жүрек трансплантациясына кезекке тұрғандар саны 240-қа жетіпті.

Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында 83 ағза ауыстырылған. Мамыр-қыркүйек айларында ота жасалғандар саны 50-ге де жетпеген. Мұны мамандар танымал қазақстандық трансплантолог Ғани Құттымұратовтың қамауға алынуымен байланыстырады.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан жарты жыл бұрын дәрігерге адам ағзасын заңсыз алған деген айып тағылып, тергеу амалдары басталған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу