3 науқас коронавирусты жақындарынан жұқтырған – министр

625

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев соңғы бір тәулікте коронавирус жұқтырды деп ауруханаға жатқызылған 14 адам туралы мәлімет берді.

3 науқас коронавирусты жақындарынан жұқтырған – министр

"Бүгінде еліміз бойынша 97 науқас тіркелді (26 наурыз сағат 12.20-дағы жағдай бойынша). Ең көп вирус жұқтырғандар Нұр-Сұлтан қаласында, 55 адам. Оның үстіне кейінгі тәулікте 14 жағдай белгілі болды. Оның тоғызында науқастар карантиндік стационарда болған. Бұлардың ішінде 3 адам бұрын тіркелген науқаспен байланыста болған. Бір жолаушы 25 наурызда Нұр-Сұлтан әуежайы арқылы келген. 5 адам өткір респираторлық вирустық инфекцияның ауыр жағдайымен коронавируске күдікті ретінде стационарлық бақылауда болған. Қалған науқастар эпидемиологиялық ахуалы қауіпті елдерден келген жолаушыларға мониторинг жүргізу кезінде анықталды. Олармен тығыз байланысты болғандарды оқшаулау жұмыстары да басталып кетті", – деді Дәурен Абаев "Хабар-24" арнасында өткен онлайн-брифингте.

Айта кетсек, сағат 16-20-дағы жағдай бойынша берілген ақпаратта елімізде аталған дертті жұқтырғандар саны 109-ға жетті.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу