3 облыста антисептик өндірісі жолға қойылды

794

Астаналық мейрамхана бір күнде 200 дәрігерді тамақтандырған.

3 облыста антисептик өндірісі жолға қойылды

Төтенше жағдай кезеңінде бизнесі тоқтап қалғанына қарамастан елдегі кәсіпкерлер індетпен күреске үлес қоса бастады. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев солардың бірнешеуін мысалға келтірді.

"Солтүстік Қазақстан облысында мейрамханалар мен дәмхана иелері тәуліктік режимде жұмыс істеп жүрген жедел жәрдем дәрігерлеріне тегін ыстық тамақ ұсынып жатыр. Астаналық мейрамханалардың бәрі де дәрігерлерге тегін ыстық тамақ беріп отыр. Бір күнде ғана 200-ден астам дәрігерді тамақтандырған. Бизнесмендер  бұл акция жалғасатынын айтып отыр. Коронавирустан қорғануға қажетті медициналық бұйым шығаруға бет бұрып жатқан кәсіпкерлердің әрекетін айрықша атап өту керек. Мысалы, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында антисептик өндіру басталып кетті. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің зертханасында да антисептиктер шығарыла бастады.  Жуық арада дәл осындай өндірістер басқа облыстарда да іске қосылады.  "КарТел, "К-Сеll", "Мобайл-Cервис" компаниялары коронавиурс эпидемиясымен күресіп жатқан дәрігерлердің бәріне тегін ұялы байланыс ұсынды. Ел бойынша 20 мыңнан астам медицина қызметкері тегін ұялы байланыс пен интернет пакетін пайдаланды", – деді Дәурен Абаев.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу