Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Шығыс Қазақстан облысында – жалпы ұзындығы 30 км 1 автожол (ауа-райының -45С дейін суытуы, қар көшкіні қаупі)
- Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары - Берел ауылы - Рахман қайнарлары.(барлық көлік түрлері үшін)
Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автожол (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
- "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін)
Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автожолда
(Қарағанды облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі, аяз күшеюде)
- "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау к.-Қостанай обл.шек. (барлық көлік түрлері үшін)
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп –ұстауға 568 бірлік техника және 1273 жолшы жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу