Ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп жазады Inbusiness.kz сайты.
Ақтөбе облысында - жалпы ұзындығы 189 км 1 автожол (жел, жаяу бұрқасын, көктайғақ)
1. "Самара-Шымкент" "ЭКО Ойл" жанармай құю бекеті - Қарабұтақ елді мекені (жүк және қоғамдық көлік үшін)
Қызылорда облысында - жалпы ұзындығы 204 км 1 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)
1. "Қызылорда-Павлодар" - Қызылорда қ. - Ұлытау обл.шекарасы (автокөліктің барлық түрлері үшін)
Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 208 км 1 автожол (жаңбыр, көктайғақ)
1. "Қызылорда-Павлодар" - Қызылорда обл.шекарасы-Талап а.(автокөліктің барлық түрлері үшін)
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 247 бірлік техника және 284 жолшы жұмылдырылған.