Биыл инженерлік-техникалық қызметкерлер және медицина мамандары магистр дәрежесін алу үшін конкурсқа жеңілдетілген шарттармен қатысады.
Олардың мерзімі 12 айға дейінгі тегін тілдік дайындықтан өтіп, стипендия тағайындалғаннан кейін тізімнен университетті таңдау мүмкіндігі бар.
Бұдан өзге "Болашақ" бағдарламасы аясында мынадай санаттағы мамандар тағылымдамадан өте алады:
- Инженерлік-техникалық қызметкерлер;
- Мемлекеттік қызметшілер;
- Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері;
- Медицина қызметкерлері;
- Мәдениет, туризм және спорт қызметкерлері;
- БАҚ қызметкерлері;
- Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері.
Еңбекпен өтеу мерзімі қандай?
- Академиялық оқыту: Астана, Алматы және Шымкент қалаларында – 5 жыл, өңірлерде – 3 жыл.
- Тағылымдама: Қазақстанның бүкіл өңірінде – 3 жыл.
Стипендия мөлшері қандай болмақ?
- Стипендия мөлшері елге және қалаға байланысты әртүрлі болады.
Стипендияның:
- ең жоғары мөлшері – 2200 АҚШ доллары;
- ең төменгісі – 800 АҚШ доллары.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу