3 шілдеде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

168

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

3 шілдеде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады Фото: Pixabay.com

Циклон ықпал етіп, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты 3 шілдеде еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, бұршақ жауады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында нөсер жаңбыр жауады, дерп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстік және солтүстік-батыста тұман түседі.

Алматы облысында, Павлодар облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының орталығында, солтүстік-батысында, Абай облысының орталығында, Шығыс Қазақстанның солтүстік-батысында, батысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарында, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанайдың оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облысында, Атыраудың оңтүстік-шығысында, Маңғыстаудың батысында, Қарағанды ​​облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында аптап ыстық болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу