Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі "Эйр Астана" компаниясына сілтеме жасап хабарлады.
"2020 жылдың 1 шілдесінен бастап Алматы – Сеул бағыты бойынша аптасына 3 рет тұрақты рейстер қатынайды. Ал 8 маусымнан бастап компания Оңтүстік Корея астанасынан репатриациялық (шетелдегі азаматтарымызды елге қайтаруға арналған) рейстерді ашқан болатын. Бұдан бөлек 3 шілдеден Алматы – Батуми (Грузия) бағытында тұрақты рейстер қатынамақ", – деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар маусым, шілде айларында:
20 маусымнан – Алматы – Анталия – Алматы;
20 маусымнан – Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл – Нұр-Сұлтан;
21 маусымнан – Алматы – Ыстамбұл – Алматы;
21 маусымнан – Нұр-Сұлтан – Анталия – Нұр-Сұлтан;
23 маусымнан – Атырау – Ыстамбұл – Атырау;
1 шілдеден – Алматы – Тбилиси – Алматы бағыттары бойынша әуе қатынасы жанданбақ. Халықаралық бағыттарға ұшу Airbus A320/A321 және Embraer E190-E2 әуе кемелерімен орындалады.