3 шыңға 3 бидің аты беріледі

980

Түркістан облысында "Бұл — біздің таулар!" фестивалі басталды.

 3 шыңға 3 бидің аты беріледі

Бүгін Түркістан облысында "Бұл — біздің таулар!" фестивалі басталды. Үш күнге созылатын іс-шара "Сайрам-Өгем" мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аумағында өтеді, деп хабарлайды otyrar.kz. 

Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынған фестивальге Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан облыстарынан және Шымкент қаласынан 30-ға жуық альпинист арнайы келген. Биік шыңдарды бағындыруға бет алған альпинистерге Түркістан облысының ақсақалдары батасын беріп, салтанатты түрде шығарып салды.

Бұл іс-шараның мақсаты — ішкі, спорттық-экологиялық туризмді дамыту, облыстың туристік әлеуетін насихаттау және "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру. Биылғы фестиваль қазақ халқының ұлы қайраткерлері — Төле, Қазыбек және Әйтеке биге арналған.  Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 3 шыңға 3 бидің аты беріліп, альпинистер сол 3 шыңды бағындырады.

Фестиваль аясында велошеру және ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтеді. Сонымен қатар, концерттік бағдарлама да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу