3 тамызда еліміздің үш қаласында ауа сапасы бұзылады

394

"Қазгидромет" бүгін өңірлерде қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

3 тамызда еліміздің үш қаласында ауа сапасы бұзылады Фото: inbusiness.kz

Бейсенбіде Алматы, Ақтөбе қалаларында, түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.

Өзге қалаларда ауа сапасы қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу