3 вагон тауарды заңсыз тасымалдамақ болғандар ұсталды

878

3 вагон тауарды заңсыз тасымалдамақ болғандар ұсталды

Шығысқазақстандық кеденшілер 164 тонналық заңсыз жүктің контрабандалық тасымалына тосқауыл қойды. Металлургиялық өңдеу қалдықтары тиелген 3 вагон тауардың нарықтағы құны, шамамен, 35 млн теңгеге бағаланады. Қытай асырылмақ болған жүк кедендік декларация құжаттарында жалған рәсімделіпті. Алайда, Өскемендегі кеденшілер құжаттарды тексеру кезінде концентраттың шығу тегіні күмәнданған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті және экономикалық тергеулер қызметі мамандарымен бірлесіп қажетті жедел тексеру шараларын жүргізген. Сонымен қатар, кедендік сараптама тағайындалған. Тексеру нәтижесі тауардың құрамында алтын мен күміс басым металлургиялық қалдықтар екенін көрсетті. Ал, мұндай өнімді шет елге тасымалдау үшін арнайы лицензия қажет. Заңсыз әрекетке қатысты "аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Досым Жұмағалиев, "Өскемен кедендік рәсімдеу орталығы" кеден бекетінің бас маманы:

- Келісімшартқа сәйкес заңбұзушылар ҚХР-ға 120 мың тонна, құрамында бағалы металлдар бар, тауарлар шығаруға келіскен. Бұл келісімшарт жүзеге асқан жағдайда мемлекетке келетін шығын 25 миллиард теңгені құраушы еді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу